ФОТО. Қарағандының Шахтері жаңа клубтық логотипін таныстырды
Қарағандының “Шахтері” ресми түрде жаңартылған клубтық логотипін таныстырды. Ол тарихи элементтерді сақтай отырып, заманауи стильде жасалған.
Негізгі эмблема геральдикалық қалқан түрінде бейнеленген, оның жоғарғы бөлігі Қарағандының символы – террикондарға ұқсас етіп жасалған. Ортасында 1958 жылғы үлгідегі тарихи доп орналастырылған, оны “Football Club” және “Qaragandy” жазулары қоршап тұр. Оның артында шахтер еңбегінің белгісі саналатын екі айқасқан кайло бейнеленген. Эмблеманың негізгі бөлігін клубтың дәстүрлі түстеріндегі тік жолақтар мен команданың атауы толықтырады.
Жаңа логотип “Шахтердің” өңір тарихымен байланысын айқындап, оның дәстүрлерін сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді.
Еске сала кетейік, өткен маусымда “Шахтер” Қазақстан Премьер-Лигасынан шығып қалды.
Тағы да оқыңыздар: ҚПЛ бірінші туры. Чемпионат матчтарына қанша жанкүйер келді?