Флик «Барселона» Лига чемпиондарында жеңіске жету үшін күресетінін мәлімдеді
Бапкер ретінде Ханси Флик Лига чемпиондарының жеңімпазы атанған болатын. Бірақ бұл жетістік ол қазір басқарып отырған «Барселонамен» емес, 2020 жылдың жазында «Бавариямен» келген еді. Алайда, неміс маманы қазіргі командасын да үлкен жеңіске жеткізгісі келеді.
Флик «Барселонаның» Лига чемпиондарында жеңіске жету үшін күресетінін уәде етті, өйткені бұл тек оның ғана емес, «Камп Ноудағы» барша жанкүйердің арманы екенін айтты. Соңғы ойында «блауграна» турнирдің қазіргі жеңімпазы ПСЖ-дан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
««Бавариямен» ең ерекше күнім – Лига чемпиондарын жеңген сәтіміз болды, ол керемет еді. «Барселонада» бәрі осыны қалайды және біз осы мақсатқа жету үшін күресеміз. Бұл оңай болмайды, бірақ біз бар күшімізді саламыз деп уәде беремін», – деп келтіреді Фликтің сөзін Mundo Deportivo.