ФИФА Роналдуға дисквалификация мерзімін қашан белгілейтінін белгілі болды
Танымал португалиялыққа күтуге тура келеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Ирландияға қарсы ойында қызыл карточка алғаннан кейін Криштиану Роналду Армениямен кездесуде алаңға шықпайтыны анық. Ал оның әрі қарайғы дисквалификациясының мерзімі әзірге белгісіз, бірақ ФИФА бұл сұраққа қашан жауап беретінін білеміз.
cp24.com хабарлағандай, әлемдік футболдың бас ұйымы әдетте халықаралық матчтар терезесі аяқталғаннан кейін үш апта ішінде тәртіптік жазалар бойынша шешім қабылдайды.
Алайда қазір, плей-офф кездесулері тек наурыз айында өтетіндіктен, ФИФА істерді қарауда бұрынғыдай уақыт тапшылығын сезінбейді, бірақ Роналдуға қатысты шешімге ерекше назар аударылуда.
Бұған дейін португалиялық шабуылшы қызыл карточка алған соң ұлттық құрама базасынан мерзімінен бұрын кеткені хабарланған болатын.