locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚФФ-ның экс-президенті Жақсыбековтің банкі қазақстандық футболдың бас демеушісі атанды

Alatau City Bank пен ҚФФ стратегиялық келісімге қол қойды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ҚФФ-ның экс-президенті Жақсыбековтің банкі қазақстандық футболдың бас демеушісі атанды
ФОТО: ҚФФ

2025 жылдан бастап Alatau City Bank Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі атанып, еліміздегі футболға жаңа дем бермек.

Бұрын Jusan Bank атауымен белгілі болған бұл қаржы мекемесі енді ұлттық және футзал құрамаларын ресми түрде қолдап, Қазақстан премьер-лигасының титулдық демеушісіне айналады.

«Футбол – миллиондаған адамды біріктіретін қуат. Біз балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға қаржы құюға және ҚФФ-пен бірлесіп ауқымды бастамаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді банк директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров бұл серіктестіктің маңызын атап өтті:

«Бұл – қазақстандық футбол үшін үлкен алға басу. Мұндай одақ – спорт пен бизнестің тиімді әріптестігінің үлгісі».

Айта кетейік, ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбеков ұзақ жылдар бойы елдегі ірі көпсалалы холдингтердің бірі – «Цесна» корпорациясының құрамына кірген «Цеснабанк» қаржы ұйымының иесі әрі нақты бақылаушысы болған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie