locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚФФ Премьер-лига матчтарына қанша жанкүйер келгенін хабарлады

Көрсеткіш үнемі өсуде
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ҚФФ Премьер-лига матчтарына қанша жанкүйер келгенін хабарлады
ФОТО: Sports24.kz

26 қазанда 2025 жылғы Қазақстан футбол чемпионатының соңғы ойындары өтті, енді маусым қорытындысын шығаруға болады. Бұл іспен федерация да айналысып, Премьер-лига матчтарына қанша жанкүйер келгенін жариялады.

ҚФФ бас хатшысы Давид Лория Threads-тегі парақшасында мәлімдегендей, чемпионаттың 182 матчына 900 мыңнан астам көрермен жиналған. Бұл көрсеткішті негізге алсақ, бір ойында орта есеппен 4 945 жанкүйер келген маусым 2025 Премьер-лига тарихындағы ең көп жанкүйер жинаған кезең болды деуге толық негіз бар.

Айта кетейік, 2024 жылғы маусымда орташа көрермен саны 4 914 жанкүйерді құраған. Ал 2025 жылғы соңғы тур өткен Премьер-лига маусымындағы ең көп жанкүйер жиналған тур ретінде тарихқа енді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie