locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚФФ екі отандық телеарнамен Премьер-лига матчтарын көрсетуге келісті

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
ҚФФ екі отандық телеарнамен Премьер-лига матчтарын көрсетуге келісті
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Премьер-лигасының барлық матчтарын Qazsport және Sport Plus Qazaqstan телеарналарынан көрсету бойынша келісімге қол жеткізді.

ҚФФ вице-президенті Давид Лория, Qazsport телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков және Sport Plus Qazaqstan телеарнасының бас директоры Асқат Жақаев жоғары сапалы трансляцияның маңызын талқылады. 1-турдан бастап Премьер-лига ойындары аталған телеарналардың барлық платформаларында, соның ішінде YouTube-тағы ресми парақшаларында көрсетіледі.

Тараптар бірлескен күш-жігермен Премьер-лиганы ақпараттық тұрғыда жаңа деңгейге көтеруге келісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie