ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетті
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kff.kz
ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады:
Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтер атқарған: 2008-2012 жылдары бас хатшы, ал 2012-2014 жылдары Федерацияның вице-президентіболды. 2024 жылдың соңында Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы болып қайта тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясы Саян Жақсыгелдіұлына атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызмет орнында сәттіліктілейді.