locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фергюсон мен Венгерді басып озды! Гвардиола АПЛ-да тағы бір рекорд орнатты

Каталониялық маман Премьер-лигада жетістіктерін жалғастыруда
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Фергюсон мен Венгерді басып озды! Гвардиола АПЛ-да тағы бір рекорд орнатты
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиола ағылшын Премьер-лигасында тағы бір рекорд орнатты.

Каталониялық маман өз командасы кемінде үш гол соққан кездесулерде 150 жеңіске ең жылдам жеткен бапкер атанды. Бұл межеге ол небәрі 358 ойынның ішінде жетті.

Айта кету керек, Гвардиола бұл көрсеткіш бойынша аңызға айналған Арсен Венгер мен Алекс Фергюсоннан озып түсті. Венгердің «Арсеналы» бұл нәтижеге 524 матчта, ал Фергюсонның «Манчестер Юнайтеді» 522 ойында қол жеткізген.

14 желтоқсан күні «Манчестер Сити» «Кристал Пэлас» командасын сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. Эрлинг Холанд дубль жасап, ал Фил Фоден тағы бір гол соғып, жеңісті түйіндеді.

16 турдан кейін «Манчестер Сити» турнир кестесінде екінші орында келеді, көшбасшы «Арсеналдан» небәрі екі ұпайға қалып тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie