locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Фенербахче» Асенсио үшін ПСЖ-ге 15 миллион еуро ұсынды

Жозе Моуринью бұл келіссөздерге тікелей қатысып жатыр
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Фенербахче» Марко Асенсио үшін ПСЖ-ге 15 миллион еуро ұсынды
«Фенербахче» Марко Асенсио үшін ПСЖ-ге 15 миллион еуро ұсынды

Түркиялық «Фенербахче» клубы париждік «ПСЖ»-ге Марко Асенсио үшін 15 миллион еуро ұсынды.

Дереккөздердің мәліметінше, бұл — ойыншының 2026 жылы аяқталатын келісімшартының соңғы жылы үшін ұсынылған нақты сома.

Франциялық L’Équipe басылымының хабарлауынша, «Фенербахче» өкілі Асенсиомен кездесіп, келісім шарттарын талқылаған. Сондай-ақ клубтың бас бапкері Жозе Моуринью бұл келіссөздерге тікелей қатысып жатыр, өйткені ол команданың сол қанатын күшейткісі келеді.

«Реал Мадридтің» бұрынғы ойыншысы Асенсио Сауд Арабиясының ұсынысын қоса алғанда, бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.

Өткен маусымда Асенсио 37 ойынға қатысып, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Маусымның бірінші жартысын «ПСЖ» сапында, ал екіншісін «Астон Виллада» жалға алу шартымен өткізген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie