Фейсал Мулич Қазақстан футболынан қалған әсерімен бөлісті
«Елімайдың» бұрынғы шабуылшысы Фейсал Мулич BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы кезеңін қорытындылады.
— Фейсал, Қазақстандағы кезеңіңізді қалай бағалар едіңіз?
— Бәрі жақсы болды. Шынымды айтсам, физикалық тұрғыдан мен өзімді керемет сезіндім, бірақ менің ойымша, жаттығу жетіспеді. Мен гол соқтым ба, жоқ па маңызды емес, бірақ 60 минуттан кейін алмастырып тастайтын, мен ондай ойыншы емеспін. Көбірек ойнағым келеді.
— Форвардтың жалғыз жұмысы гол соғу екенін білесіз, мен сіздің айып алаңында қалай гол соғуға тырысып жүргеніңізді көрдім.
— Дұрыс айтасың, досым. Әр матчтың аяқталуына жарты сағат қалғанда сені ауыстырып тастаса, қалай гол соғуға болады?
— Қазақстан сіз үшін ерекше жер болды ма?
— Жоқ, жоқ. Мен бұл елде өзімді өте жайлы сезіндім. Күнделікті өмірде еш қиындық көрмедім, мешітке барып, еш кедергісіз жаттығатынмын. Керемет тәжірибе болды, Құдайға шүкір деймін.
Сербиялық ойыншы маусым басында «Елімай» сапына қосылып, 31 мамырда клубтан кетті. Ол тоғыз матчқа қатысып, үш гол соқты.
Мулич «Елімайдан» неге кеткенін түсіндірді