Федерико Кьеза «Ювентусқа» оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады
«Ливерпуль» футболшысы Федерико Кьеза бұрынғы клубы – «Ювентусқа» деген сүйіспеншілігін сақтап қалғанын айтып, болашақта Италияға қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Айта кетейік, Кьеза ағылшын клубына 2024 жылдың жазында дәл осы туриндік ұжымнан ауысқан.
«Ювентус па? Мен бұл клубты әлі де жақсы көремін. Қайта оралу? Неге болмасқа… Тьяго Мотта мені командада көргісі келмейтінін айтты. Оның жоспарларына кірмейтінімді жеткізіп, басқа команда іздеуге кеңес берді», – дейді Кьеза. Оның сөзін инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде жариялады.
2024/2025 жылғы маусымда Федерико Кьеза «Ливерпуль» сапында 14 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Бруно Фернандеш саудиялық «Аль-Хилаль» клубының ұсынысынан бас тартып, мансабын Еуропада жалғастыруды құп көрді.