locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эзенің хет-тригімен «Арсенал» Солтүстік Лондон дербісінде «Тоттенхэмді» тас-талқан етті

Артетаның командасы ең жақын қуғыншыдан алты ұпайға озды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Арсенал» өз алаңында АПЛ-дың 12-турында Солтүстік Лондон дербісінде «Тоттенхэмді» қабылдады. «Канонирлер» басты қарсыласын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

36-минутта Леандро Троссар «канонирлерді» алға шығарды. Артынша Эберечи Эзе командасының басымдығын еселеді, кейін өзі есепті ұлғайтты. Тіпті, бірінші таймда «Тоттенхэм» Давид Райяның қақпасына бірде-бір соққы бағыттаған жоқ.

Екінші тайм басында «шпорлар» бір голды қайтарды. Ришарлисон испан қақпашы Райяға допты дерлік орталық алаңнан асырып, әдемі гол соқты.

Дегенмен, бұл қонақтардың ойынды қайта жандандыруына көмектесе алмады. Керісінше, шабыттанған Эзе хет-трик жасап, есепті тіпті ұлғайтты.

Осы жеңістен кейін Микель Артетаның командасы АПЛ-да жеке-дара көшбасшы болып, ең жақын бәсекелестен алты ұпайға алға шықты. «Тоттенхэм» тоғызыншы орында.

26 қараша, сәрсенбі күні «Арсенал» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Баварияны» қабылдайды. Сол күні «шпорлар» ПСЖ-ға қонаққа барады.

АПЛ, 12-тур
«Арсенал» – «Тоттенхэм» 4:1
Голдар: Троссар, 36, Эзе, 41, 46, 76 – Ришарлисон, 55

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie