locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еуропаға назар және ірі жеңіс: Уразбахтин «Тұранмен» ойынды қорытындылап, «Қайраттың» жоспарларымен бөлісті

Уразбахтин КПЛ-дегі матчты қорытындылап, УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынға дайындық туралы айтты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Еуропаға назар және ірі жеңіс: Уразбахтин «Тұранмен» ойынды қорытындылап, «Қайраттың» жоспарларымен бөлісті
ФОТО: ФК Қайрат

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-лигасының 15-турындағы «Тұран» командасына қарсы 4:0 есебімен жеткен сенімді жеңіс жайлы пікір білдірді.

«Біз үшін бұл кездесуден үш ұпай алу өте маңызды болды. Сондықтан нәтижеге көңіліміз толады. Алдағы еурокубоктік ойындарды ескеріп, құрамда ротация жасадық – жас ойыншыларға мүмкіндік бердік. Қазір бізде бірнеше күн бар, сол уақытты қалпына келуге және Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчқа дайындыққа пайдаланамыз. Бұл кездесуді тағатсыздана күтіп отырмыз», – деді бапкер.

Уразбахтиннің айтуынша, «Тұранмен» ойынға команда ерекше көңіл бөлген:

«Біз көбінесе турнир кестесінің төменгі жағындағы командалармен ойында ұпай жоғалтып жатамыз. Бұл, бәлкім, психологияға байланысты немесе қарсыластардың ерекше мотивациясынан шығар. Біз жігіттерге мотивацияда ешкімге жол бермеу керектігін ескерттік. Команда алғашқы минуттардан-ақ қарқынды бастады, шабуылда белсенді ойнады. Қарсылас ұйымдасқан түрде қорғанғанымен, біз олардың қақпасына жол тауып, голдар соғуға қол жеткіздік», – деді Уразбахтин.

16 ойыннан кейін алматылық «Қайрат» 36 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Ал Түркістандық «Тұран» 15 матчтан кейін 11 ұпай жинап, 13-орында орналасқан.

«Қайраттың» келесі маңызды сынағы – УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын. 8 шілде күні Уразбахтин шәкірттері Словенияның Любляна қаласында жергілікті «Олимпияға» қарсы алаңға шығады. Қайтар матч 15 шілдеде Алматыда өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie