Еуропа лигасында өзгеріс: «Ноттингем Форест» «Кристал Пэластың» орнына шығады
УЕФA екі клубтың бір иеге тиесілі болуына байланысты шешім қабылдады
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
BBC Sport мәліметінше, «Кристал Пэлас» Еуропа лигасында өнер көрсете алмайды, себебі оның иесі — америкалық бизнесмен Джон Текстор — сонымен қатар Францияның «Лион» клубына да иелік етеді. Ережеге сай, бір иенің екі клубы бір турнирге қатыса алмайды.
Осыған байланысты УЕФA шешім шығарып, Лондон клубының орнына Лигаға Англия Премьер-лигасында жетінші орын алған «Ноттингем Форестті» қосты. Алайда бұл шешімге шағым түсіруге болады.
Айта кетейік, «Кристал Пэлас» 2024/2025 жылғы Англия Кубогының жеңімпазы атанып, бастапқыда Еуропа лигасына жолдама алған. Енді бұл команда Конференциялар лигасында бақ сынайды.
Екі клуб - бір иелік. УЕФА «Кристал Пэлас» клубын не үшін ЕЛ-дан шеттетті?