locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еурода ойнаған және АПЛ чемпионының намысын қорғаған футболшы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

Поляк ойыншысы Бартош Капустка қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images

Поляк жартылай қорғаушысы Бартош Капустка мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Эльдар Аманбаев.

«Польшалық «Легия» клубының 29 жастағы шабуылшы жартылай қорғаушысы Бартош Капустка Қазақстанда мансабын жалғастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр».

Сондай-ақ, журналист мынадай ақпарат қосты:

«Менің дерегім бойынша, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушысы ҚПЛ клубтарының бірімен келіссөз жүргізуде. Трансфердің бұзылмауы үшін клубтың атауын әзірге жариялай алмаймын».

Бұған дейін Бартош «Легияға» дейін «Краковия», «Лестер», «Фрайбург» және «Лёвен» клубтарында да өнер көрсеткен.

Биылғы маусымда Капустка Польша чемпионатында 17 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Қазіргі таңда «Легия» Польшаның Экстракласасында 17-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie