locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Есмагамбетов экзотикалық ҚПЛ форматын ұсынды. Барлығы еурокубоктар үшін

Еуропада сәтті ойнау үшін командаларға көбірек ойын қарқыны қажет деп есептейді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Есмагамбетов экзотикалық ҚПЛ форматын ұсынды. Барлығы еурокубоктар үшін
ФОТО: sports.kz

2026 жылғы ҚПЛ маусымында 16 команда өнер көрсетеді, бұл өз алдына чемпионаттың өсіп келе жатқанын білдіреді. Бірақ, жетілдірудің шегі жоқ дегендей, белгілі қазақстандық маман Булат Есмагамбетов чемпионат форматын жақсартудың өзіндік нұсқасын ұсынды.

Танымал бапкердің пікірінше, турнирді екі кезеңге бөліп, бірінші кезеңнен кейін командаларды алған орындары бойынша үш топқа бөлген дұрыс болар еді.

«Менің ойымша, он алты — командалар үшін ең оңтайлы сан. Екі айналымнан кейін командаларды алған орындарына қарай үш топқа бөлуге болады. Мысалы, бірінші мен төртінші орын аралығы, бесінші мен он екінші орын аралығы және он үшінші мен он алтыншы орын аралығы. Немесе отыз тур өткен соң, клубтарды екі топқа — сегізден бөлуге болады.

Бұл – бәсекелестікті арттырып, қызықты матчтардың санын көбейту үшін қажет. Әрине, еурокубоктық ойындар болады, матчтардың ауыстырылуы мүмкін. Бірақ еурокубоктарда да алға жылжу үшін күресу керек. Жыл сайын біздің клубтарға негізгі кезеңге шығу қиындап барады. Барлығы ұпай жинағысы келеді, ақша тапқысы келеді», – деді Есмагамбетов Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін ФИФА VAR қолдану протоколына өзгерістер енгізуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie