locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Есірткі тасымалдағаны үшін сотталған Квинси Промес ислам дінін қабылдады

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Есірткі тасымалдағаны үшңн сотталған Квинси Промес ислам дінін қабылдады
Фото: gettyimages

Нидерланд құрамасы мен "Аякс" клубының бұрынғы вингері, бүгінде БАӘ чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Квинси Промес ислам дінін қабылдады.

Mash телеграм-арнасының мәліметінше, 33 жастағы нидерландтық куәгерлердің қатысуымен шаһаданы оқыды. Бұл оның мұсылмандықты мойындағанын аңғартады. Ол өзіне Мохамед есімін таңдапты.

Нидерландта Промес немере ағасына пышақпен шабуыл жасаған және есірткі контрабандасы үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Футболшыға тіпті халықаралық іздеу де жарияланған еді.

Қазір Промес Дубайдың "Юнайтед" клубында өнер көрсетеді. Сонымен қатар ол "Севилья", "Спартак" және "Твенте" клубтарында ойнаған.

Сондай-ақ оқыңыз: Тухель Англия құрамасының жаттығуларына өзгеріс енгізді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie