Ертіс пен Шахтердің экс ойыншысы өз елінің футбол федерациясының бас хатшысы болуы мүмкін
Футбол
Бүгін 15:02
Александр Шарадкин
sports24 сарапшы
Ертіс пен Шахтердің экс ойыншысы өз елінің футбол федерациясының бас хатшысы болуы мүмкін
Павлодарлық “Ертіс” пен қарағандылық “Шахтер” клубтарының бұрынғы ойыншысы Камолиддин Мурзоев Өзбекстан футбол қауымдастығының жаңа бас хатшысы болуы мүмкін, деп хабарлайды “Новости футбола” Telegram-арнасы.
Мәлімет бойынша, қазіргі бас хатшы Аваз Максумов футзал мен жағажай футболының жаңадан құрылған федерациясында осыған ұқсас қызметке ауысатын болады. Ал Камолиддин Мурзоевтың соңғы қызметі Өзбекстан Футболшылар Одағының басшысы лауазымы болды.
Айта кетейік, Камолиддин Мурзоев 2013-2014 жылдары “Ертіс” пен “Шахтер” сапында өнер көрсетті. Қазақстандық клубтар құрамында ол барлығы 34 матч өткізіп, төрт гол авторы атанды.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 15:45
Бокс
Бүгін 14:34