Эрик тен Хаг АПЛ-ға оралуы мүмкін. Қай команданы тізгіндейді?
«Вулверхэмптон» маманды шақырғысы келеді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Вулверхэмптон» Витор Перейраны қызметінен босатуға дайындалып, оның орнына Эрик тен Хагты тағайындауды көздеп отыр, деп хабарлайды журналист Стив Браун.
Дереккөздің мәліметінше, «Вулверхэмптон» басшылығы португалиялық бапкердің сәтсіз нәтижелеріне енді төзбей, жаңа бас жаттықтырушы іздеуді бастап кеткен және «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы тізгіншісі Эрик тен Хагпен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда «Вулверхэмптон» Премьер-лига турнирлік кестесінің соңғы сатысында тұр. Перейра командасы әлі бірде-бір жеңіске жете алмай келеді.
Эрик тен Хагтың соңғы жұмыс орны — немістің «Байер» клубы болды, ол жерден қыркүйек айында қызметінен кеткен.
Айта кетейік, «Ливерпульдің» бас бапкері клубтың жеңілістер сериясының себептерін атады.