locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эмоцияға беріліп қойды. Энцо Мареска төрешіден қызыл карточка алды

«Челси» бас бапкері Эстеваның жеңіс голын тым қатты тойлады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Эмоцияға беріліп қойды. Энцо Мареска төрешіден қызыл карточка алды
ФОТО: x.com/TheChelseaForum

«Челси» «Ливерпульден» жеңісті қосымша уақытта жұлып алды (2:1). «Көк жейделілерге» үш ұпайды дебюттік гол соққан Эстеван сыйлады, ол қонақтардың қорғаныстағы қателігін тиімді пайдаланды.

«Арыстандардың» бас жаттықтырушысы Энцо Мареска жеңіс голынан кейін эмоциясын тежей алмай қатты қуанды, сол үшін төрешіден екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Бірінші «ескертуін» бапкер бірінші тайм соңында төрешімен сөзге келіп алған болатын.

«Челси» «Ливерпульді» тізе бүктіргеннен кейін АПЛ турнирлік кестесінде жеке дара көшбасшыға «Арсенал» (16 ұпай) айналды. «Мерсисайдтықтар» 15 ұпаймен екінші орында, ал Мареска командасы алтыншы сатыда (11 ұпай).

Халықаралық үзілістен кейін «Челси» сырт алаңда «Ноттингем Форестке» қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie