Эми Мартинес осы жазда «Манчестер Юнайтед» немесе «Барселона» клубына ауысуы мүмкін
«Астон Вилла» клубының соңғы үй матчындағы эмоционалды қоштасуынан кейін аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинестің болашағы бұлыңғыр болып тұр.
Оны «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» сияқты ірі клубтарға ұсынғаны туралы D Sports арнасы хабарлады.
32 жастағы қақпашы 2020 жылы «Арсеналдан» «Астон Виллаға» ауысып, АПЛ-дің үздік қақпашыларының біріне айналды. Ол Яшин кубогының иегері және The Best FIFA Goalkeeper жүлдесін алған. «Барселонада» қақпашы Войцех Щенснының болашағы белгісіз, сол себепті тер Штегенге лайықты бәсекелес ізделуде. Ал «МЮ» жағынан Андре Онананың тұрақсыз ойынына байланысты Мартинеске қызығушылық артып отыр.
Мартинес кәсіби мансабын «Арсеналда» бастады, бірақ 10 жылда тек 15 матч қана өткізген. «Астон Виллаға» келгелі 40-тан астам ойында қақпасын құрғақ сақтап, клуб тарихындағы бір маусымдағы ең көп «сухой» матчтар рекордын жаңартты. Ол сонымен қатар Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионы атанды.
Жазғы трансферлік терезе жақындаған сайын Мартинестің болашағы анық емес. Оған Сауд Арабиясынан да қызығушылық бар. Ал «Астон Вилла» қақпашы позициясына «Эспаньолдың» Жоан Гарсиясы мен «Реал Мадридтің» Андрей Лунинын қарастыруда.