Эмерсон Роял жарақатына байланысты Галатасарайға ауыспайтын болды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Бразилиялық қорғаушы Эмерсон Роял жарақатына байланысты екі айға қатардан шықты.
"Милан" қорғаушысы "Жиронаға" қарсы матчта (1:0) балтыр бұлшық етін жарақаттап алған. Осыған байланысты сегіз апта алаңға шыға алмайды.
Сондай-ақ, осы жарақатына байланысты 26 жастағы қорғаушы "Галатасарай" клубына ауыспайтын болды. Түркиялықтар трансферден бас тартты.
Осы маусымда ол "Милан" сапында 24 ойынға қатысқан.