locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елу жылдан кейін: «Ақтөбе» мен ЦСКА Орталық стадионда қайта кездеседі

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Елу жылдан кейін: «Ақтөбе» мен ЦСКА Орталық стадионда қайта кездеседі
ФОТО: Getty Images

Биылғы жазда «Ақтөбе» футбол клубы Мәскеудің ЦСКА командасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның 50 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлады журналист Ермұхамед Мәулен.

«Кішкене инсайдпен бөлісейін: осы жазда Ақтөбеге Мәскеудің ЦСКА клубы келеді. Стадионның жарты ғасырлық мерейтойына орай екі тарап келіссөз жүргізіп, жолдастық матч өткізу туралы келісімге келді», – деді Мәулен.

Айта кетейік, армиялық клубтың таңдалуы кездейсоқ емес. 1975 жылы дәл осы стадионда өткен алғашқы ресми матчта «Ақтөбелік» пен ЦСКА кездескен еді. Сол ойында мәскеуліктер 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Орталық стадионда 2025 жылғы маусымның алғашқы ресми кездесуі 26 сәуір күні өтті. Бұл матчта «Ақтөбе» командасы «Ұлытауды» қабылдады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie