Эллиоттың дублі Англияны жастар Еуросының финалына шығарды
Англияның жастар құрамасы Еуро-2025 финалына шықты. Словакияда өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатының жартылай финалында ағылшындар Нидерландыны 2:1 есебімен жеңді.
Ойын барысында негізгі кейіпкерге айналған - «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Харви Эллиотт. Ол 62 және 86-минуттарда екі бірдей дәл соққысымен командасына жеңіс сыйлады. Бұл дубль - ойын тағдырын шешкен сәттер болды.
Нидерланд құрамасы да қарсыласқа лайықты тойтарыс берді. 72-минутта «Утрехт» шабуылшысы Ноа Огайо есепті теңестіргенімен, матч соңына дейін қарқынын сақтай алмады.
Еуро-2025 (U21). Жартылай финал
Англия – Нидерланд– 2:1
Голдар: Эллиотт, 62 (1:0). Огайо, 72 (1:1). Эллиотт, 86 (2:1).
Финалда Англия құрамасы Германия мен Франция арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Финалдық ойын 28 маусым күні Братиславада өтеді.