locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эль-Класиконың төрешісі Хиль МАНСАНО: \"Бұл маңыздылығы мен әлемдік қызығушылығына байланысты ерекше матчтар\"

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Эль-Класиконың төрешісі Хиль МАНСАНО: "Бұл маңыздылығы мен әлемдік қызығушылығына байланысты ерекше матчтар"
ФОТО: fcbarcelonanoticias

Бүгін Испания Суперкубогының финалында "Барселона" "Реалмен" кездеседі. Эль-Класикоға Хесус Хиль Мансано бастаған арбитрлер тобы төрелік етеді.

"Бұл менің төртінші Класиком, менің біраз тәжірибем бар, бұл осы категорияда 13 жыл жұмыс істегеннен кейін келді. Бұл маңыздылығы мен әлемдік қызығушылығына байланысты ерекше матчтар. Кезедсудің финал екенін қоссаңыз, оған қосымша мән беріледі.

Финалға төрешілік ету - үлкен жауапкершілік, өйткені бұл жерде трофей бар", - деді матчтың бас төрешісі.

Естеріңізге сала кетейік, матч Жиддадағы (Сауд Арабиясы) король Абдулла атындағы стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie