«Елімай» сербиялық легионермен қош айтысты
Фейсал Мулич қысқы трансферден кейін небәрі 10 матч өткізіп, клубтан кетті
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Елимай»
Семейлік «Елімай» футбол клубы серб шабуылшысы Фейсал Муличтің командадан кеткенін ресми түрде хабарлады. 30 жастағы футболшымен келісімшарт өзара келісім бойынша бұзылды.
Мулич «Елімайдың» қатарына қысқы трансферлік терезеде қосылған болатын. Дегенмен, ол клубта ұзақ тұрақтамады – жарты маусым ғана ойнады.
Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі маусымында Мулич 10 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Қазіргі таңда «Елімай» 11 турдан кейін 17 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында тұр.
Месси «Коламбус Крюге» қарсы ойында дубль жасап, екі нәтижелі пас берді.