Эльхан АСТАНОВ: \"Астанада қаламын ба? Шешім әлі қабылданған жоқ\"
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов "Астанадағы" болашағы туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Legalbet.kz.
- "Әзірге ештеңе шешілген жоқ. Шынымды айтсам, бұдан әрі не болатынын айта алмаймын. "Астана" жайлы айтсам, клуб менің қалуымды қалайды. Басқа нұсқалар бар ма? Кешіріңіз, бұл туралы әзірге ештеңе айта алмаймын", - деді хавбек.
24 жастағы Астанов елордалық клубта 2023 жылдың наурыз айынан бері ойнап келеді. Өткен КПЛ-2024 маусымында ол 18 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Қазақстан құрамасы сапында футболшы 17 ойын өткізіп, бір гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Transfermarkt порталының мәліметінше, жартылай қорғаушының нарықтық құны 450 мың еуроға бағаланады.
Арман КЕНЕСОВ: "Астана құрамында оқу-жаттығу жиындарына қатысамын және маусымға дайындаламын"