Элдор Шомуродов «Истанбул Башакшехирге» өтудің сәл-ақ алдында — «Рома» шабуылшыны босатуға дайын
Түркиялық клуб ресми ұсыныс жасады, ал трансфер жақын күндері ресімделуі мүмкін
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Романың» жаңа бас бапкері Джан Пьеро Гасперини құрамды өз тактикасына сай қайта құру жұмыстарын бастап кетті. Түркиялық инсайдер Ягыз Сабунжуоглу хабарлағандай, командадан кетуі ықтимал ойыншылардың қатарында өзбек легионері Элдор Шомуродов та бар. Мамандардың пікірінше, шабуылшы өткен маусымда тұрақсыз ойын көрсеткен, сондықтан бапкердің жоспарынан тыс қалған.
«Истанбул Башакшехир» Шомуродовты алу бойынша «Ромаға» ресми ұсыныс жолдады. Трансфер құны жария етілген жоқ, бірақ тараптар келісімге келуге жақын.
Бұған дейін Элдорға MLS клубтары да қызығушылық танытқан еді, алайда енді ол мансабын Түркияда жалғастыруы әбден мүмкін.
Абдуқодир Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы атанды.