locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жарқын жартылай финалдық дерби. Испания Суперкубогының кестесі белгілі болды

Турнир финалы Сауд Арабиясында 11 қаңтарда өтеді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Эль-Класико өтеді ме? Испания Суперкубогының кестесі белгілі болды
ФОТО: Getty Images

Испания футбол Суперкубогының кестесі жарияланды.

Бірінші жартылай финалда «Барселона» мен Бильбаоның «Атлетик» клубы кездеседі. Бұл матч 7 қаңтарда өтеді. Ал екінші жартылай финалда — «Атлетико Мадрид» пен «Реал Мадрид» 8 қаңтарда алаңға шығады.

Испания Суперкубогының финалы 11 қаңтарда өтеді. Барлық ойындар Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «Алинме Стедиумда» өтеді.

Айта кетейік, «Барселона» — Испания чемпионы. «Реал» — Ла Лигада екінші орын алып, Король кубогының иегері атанды.

«Атлетико Мадрид» өткен маусымда Ла Лигадан үшінші орын алып, Кубоктың жартылай финалына дейін жетті. Бильбао клубы ішкі чемпионатта төртінші орынға тұрақтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie