Екі жарым жылда бесіншісі: Роналдудың «Әл-Насрында» тағы да бапкер ауысады


Криштиану Роналду жақын арада тағы да бас бапкерсіз қалуы мүмкін.
Calciomercato мәліметінше, маусым аяқталғаннан кейін Стефано Пиоли «Әл-Наср» клубынан кетеді. Оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалғанымен, клуб оны мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Роналду «Әл-Насрға» 2023 жылдың қаңтарында ауысқаннан бері төрт бапкермен жұмыс істеді. Алғашқысы — Руди Гарсия, одан кейін уақытша жаттықтырушы ретінде Динко Еличич болды, кейін португалиялық Луиш Каштру келді. Пиоли — төртінші бапкер.
Роналду 108 матчта 97 гол соғып, жеке деңгейде жақсы нәтижелер көрсеткенімен, клуб тек бір ғана трофейге қол жеткізді. Биылғы маусымда «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатында үшінші орында тұр және АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалында жарыстан шығып қалды.
Стефано Пиоли клубта сегіз ай жұмыс істеді. Жазда жаңа бапкер тағайындалуы мүмкін, ал Роналду үшін бұл Сауд Арабиясындағы екі жарым жылда бесінші бас бапкер болмақ.

Хоккей
Бүгін 02:26