Екі қақпашы да жеткіліксіз болған сәт. Уганда мен Нигерия арасындағы матчта орын алған күлкілі жағдай
Африка Ұлттар кубогының матчтары бізге талай қызықты әрі күлкілі сәттер сыйлайды. Мұндай жағдайлардың бірі топтық кезеңнің соңғы турында Уганда мен Нигерия құрамалары арасындағы ойында орын алды.
Бұл матчта Уганда құрамасының бас бапкеріне қолындағы үш қақпашының барлығын алаңға шығаруға тура келді. Негізгі қақпашы Денис Оньянго үзілістен кейін жарақатына байланысты алаңнан кетті, оның орнына Джамал Салим шықты.
Алайда Салим алаңға шыққан соң небәрі он минуттан кейін-ақ қызықты әрі күтпеген эпизодтың кейіпкеріне айналды. Қақпашыларға тек айып алаңында ғана қолмен ойнауға рұқсат етілетінін ол ұмытса керек, себебі ол қақпасынан алты метр алыста қолмен допқа тиді…
Әрине, төреші Салимге бірден қызыл қағаз көрсетті, сол себепті алаңға үшінші қақпашы Нафьян Алионзи шықты. Бірақ ол үшін бір ойыншыны құрбан етуге тура келді.
Ойынға қосыла салысымен Нигерия құрамасы Рафаэль Оньедика арқасында есепті 3:0-ге жеткізіп, «супер бүркіттер» С тобының бірінші орнын өздеріне қамтамасыз етті.