Эйндховендегі триллер. Сенсация: Ювентус масқара болып, ЧЛ-да ПСВ-ден жеңіліп қалды
20 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/16 финалының жауап матчында ПСВ өз алаңы “Филипс” стадионында “Ювентусты” қабылдады.
Кездесу алаң иелерінің сенсациялық 3:1 есебімен жеңісімен аяқталып, бұл нәтиже ПСВ-ге 1/8 финалға жалпы 4:3 есебімен өтуге мүмкіндік берді.
Матчтың барлық ең жарқын сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бірінші матчта “Ювентус” 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді, алайда бұл жолы ПСВ қарымта қайтара алды. Екінші таймның 53-минутында Иван Перишич командасын алға шығарды, бірақ 63-минутта Тимоти Веа есепті теңестірді. Алайда, 74-минутта Исмаэль Сайбари ПСВ-ге тағы да басымдық әкелсе, қосымша уақыттың 98-минутында Райан Фламинго соңғы нүктені қойды.
Чемпиондар лигасы. 1/16 финал. Қарымта ойын. 20 ақпан
ПСВ - Ювентус - 3:1 (Бірінші матч - 1:2)
Голдар: Перишич 53, Сайбари 74, Фламинго 98 - Веа 63.