locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ең дөрекі және ең тәртіпті командалар: КПЛ 2025 маусымының бірінші кезеңі қорытындыланды

Турнирдің баспасөз қызметі фолдар, ескерту қағаздары және турнирлік кесте бойынша статистиканы жариялады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ең дөрекі және ең тәртіпті командалар: КПЛ 2025 маусымының бірінші кезеңі қорытындыланды
ФОТО: fcqyzyljar Instagram парақшасы

Қазақстан Премьер-лигасының баспасөз қызметі 2025 жылғы маусымның бірінші айналымының қорытындысы бойынша ресми статистиканы ұсынды.

Чемпионаттағы ең «қатал» команда - «Қызылжар», оның ойыншылары бір ойында орта есеппен 17,2 ереже бұзады. Ал ең тәртіпті команда ретінде «Оқжетпес» танылды - олардың ойыншылары орта есеппен 10,8 рет ғана фол жасайды.

Сары қағаздар саны бойынша көшбасшылар - «Ақтөбе» (48 ескерту) және «Атырау» (39). Қызыл карточка саны бойынша ең көп алаңнан қуылғандар - «Атырау» мен «Ұлытау» (әрқайсысында 4 қызыл қағаз), сондай-ақ «Қызылжар» (3).

Турнирлік кестеде бірінші айналымнан кейін «Астана» көш бастап тұр - команда 14 матчта 33 ұпай жинады. Одан кейінгі орындарда «Қайрат» (30 ұпай) пен «Тобыл» (27 ұпай) орналасқан.

Қазақстан Премьер-лигасының 14-тур ойындары 28-29 маусым күндері өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie