Джордан Хендерсон ресми түрде Брентфордқа қосылды
Ағылшындық 2027 жылға дейін келісімшартқа отырды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
Жартылай қорғаушы Джордан Хендерсон Брентфордқа ауысты. Бұл туралы ағылшындық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар арасындағы келісім 2027 жылдың жазына дейін есептелген.
Бұған дейін «Аякспен» келісімшартын бұзған Джордан Хендерсонның Англия чемпионатына қайта оралғаны белгілі болды. Содан кейін ол Брентфорд пен Сандерлендпен байланысты болды
35 жастағы Хендерсон соңғы маусымын «Аякста» өткізді, ол үшін 2024 жылдан 2025 жылдың жазына дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол 57 матч өткізіп, бір гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.
Бұған дейін Англия чемпионатында ол «Сандерленд» және «Ливерпуль» командаларында ойнаған, оның құрамында 2019 жылғы Чемпиондар лигасының және 2020 жылғы Премьер-лиганың жеңімпазы атанды.