Джоб Беллингем — ағасы Джуд ойнаған Дортмунд Боруссиясының ойыншысы атанды
«Сандерлендтің» жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем ресми түрде Дортмундтық «Боруссияның» жаңа ойыншысы ретінде таныстырылды.
Неміс клубының парақшасында Джобты «Боруссияның» ойыншысы ретінде таныстыратын жазбалар жарияланды.
Бұған дейін инсайдер Фабрицио Романо трансфер құны 30 миллион еуро екенін хабарлаған болатын. Келісімшарт 2030 жылдың маусымына дейін жасалған
Бұл трансфер Сандерленд тарихындағы ең үлкен трансфер болуы керек. Сондай-ақ кем дегенде бес миллион еуро көлемінде бонустық төлемдер қарастырылғаны айтылды. Ойыншы қайта сатылған жағдайда қара мысықтар соманың 15 пайызын алады.
Өткен маусымда Джоб Чемпионатта 43 ойын өткізіп, төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Беллингем сонымен қатар Сандерлендке Премьер-лигаға оралуға көмектесті.
Бұған дейін 19 жастағы футболшы Германияның тағы бір клубы - Франкфурт-Айнтрахттан бас тартқан болатын.
Джобтың ағасы Джуд та Реал Мадридке ауысқанға дейін Дортмунд Боруссиясында ойнады.