Дженнифер Лопес «Қайратқа» көмектесті: әншінің концерті команданың күнтізбесін жеңілдетті
Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концерті күтпеген жерден «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы — «Слован» командасына қарсы аздаған басымдыққа айналды. Енді алматылықтарда демалуға және дайындалуға көбірек уақыт бар.
«Спорт Шредингердің» мәліметінше, 9 тамыз күні «Қайрат» пен «Женіс» арасындағы матч өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда 10 тамызда сол стадионда Дженнифер Лопестің концерті өтетін болғандықтан, ойын 21 қыркүйекке шегерілді.
Осылайша, алдағы 11 күнде «Қайрат» небәрі үш матч өткізсе, «Слован» — төртеу, оның ішінде Злате-Моравце қаласына күрделі сапар да бар.
«Қайрат» алғашқы ойынды өткізген соң тынығып, бірден қарымта ойынға дайындала алады. Ал «Слован» алдымен Алматыда, сосын Злате-Моравцеде ойнайды, әрі бұл қалада әуежай жоқ — ең жақыны Братиславада (92–114 км қашықтықта). Содан кейін ғана олар екінші матчқа дайындалуы тиіс.