Джексонның дублімен Сенегал Ботсвананы жеңді, бұл елдің тарихындағы екінші КАН. Аңызға айналған Диуф та қатысты!
Сенегал құрамасы қарапайым қарсыластың қақпасына үш гол соқты
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Instagram caf_online
23 желтоқсанда Африка Ұлттар Кубогының топтық кезеңінің алғашқы турында Сенегал Ботсванамен кездесіп, матчты сенімді түрде 3:0 есебімен аяқтады!
Сенегал сапында голдарды «Бавария» шабуылшысы Николас Джексон екі рет және «Самсунспордың» өкілі Шериф Ндиайе соқты.
Африка Ұлттар Кубогы. D тобы. 1-тур
Сенегал – Ботсвана – 3:0
Голдар: Джексон, 40, 58, Ндиайе.
Ойыннан кейін сенегалдық футболшыларды «Теранга арыстандарының» аңызы Эль-Хаджи Диуф құттықтады!
Айта кетейік, бұл Ботсвана үшін ерекше КАН. «Зебралар» осы турнирде тарихында екінші рет бақ сынауда. Бұған дейін олар 2012 жылы Африка Ұлттар Кубогында ойнап, топтан шыға алмай, үш кездесудің үшеуінде де жеңілген болатын.