locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дюков Ресей құрамасындағы Карпиннің жалақысы көтерілді деген қауесетті жоққа шығарды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дюков Ресей құрамасындағы Карпиннің жалақысы көтерілді деген қауесетті жоққа шығарды
ФОТО: Getty Images

Ресей футбол одағының президенті Александр Дюков бас бапкер Валерий Карпиннің "Ростовтан" кеткеннен кейін ұлттық құрамадағы жалақысы артты деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады "Спорт-экспресс".

Дюковтың айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Карпиннің құрамадағы жалақысы "Ростовтан" кеткеннен кейін көтерілді ме? Бұл – жалған ақпарат. Маған ондай нәрсе белгісіз. Ол бұрынғы деңгейде қалды", – деді РФО басшысы.

Карпин "Ростов" клубын екі рет басқарды: 2017-2021 жылдары және 2022 жылдан 2025 жылғы 25 ақпанға дейін. Ұлттық құрамада ол 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ресей құрамасы халықаралық турнирлерден шеттетілгеніне қарамастан, алдағы ойындарға дайындығын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыз: ФОТО. Германия құрамасы 125 жылдық мерейтойына арналған жаңа формасын таныстырды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie