Душан Влахович Арсенал ойыншысы атануы мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Сербиялық шабуылшы Душан Влахович мансабын “Арсеналда” жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Calciomercato порталы.
Канонирлер ойыншыны ауыр жарақат алған Габриэль Жезустың орнын басады деп болжап отыр.
Айта кетейік, бразилиялық шабуылшы Жезус "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткен ойында ауыр жарақат алып, 7-8 айға қатардан шығып қалған еді.
24 жастағы Влаховичтің осы маусымда "Ювентус" сапында 16 рет алаңға шығып, 7 гол және 1 голдық пас берді.
Габриэль Жезус Юнайтедке қарсы матчта ауыр жарақат алды, ойыншыны зембілмен алып кетті