locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дублиндегі сұмдық. Португалия құрамасы Ирландиядан ұтылып, Роналду алаңнан қуылды

Криштиану ұлттық құрама сапында алғаш рет қызыл қағаз алды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Дублиндегі сұмдық. Португалия құрамасы Ирландиядан ұтылып, Роналду алаңнан қуылды
ФОТО: Getty Images

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Ирландияға қонаққа барған еді. Бұл сапар Роналду мен оның серіктестері үшін нағыз сәтсіздікпен аяқталды.

Португалиялықтар алғашқы таймда Трой Перроттың дублі арқасында 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Екінші таймда атышулы қонақтар қарсыласына ешқандай қарсылық көрсете алмады, тіпті есепті қысқарта да алмады.

Бұдан бөлек, Криштиану Роналду 61-минутта тікелей қызыл қағаз алды. Португалиялық аңыз қарсыласын шынтағымен арқа тұсынан ұрып, бірден алаңнан қуылды.

Португалия құрамасындағы 226-матчында Роналду алғаш рет қызыл қағаз алды.

Іріктеу аяқталуына бір тур қалғанда Португалия өз тобында көш бастап тұр, Венгрияны екі ұпайға алда. Ирландия жеті ұпаймен үшінші орында.

Соңғы турда Португалия Армениямен кездессе, Ирландия Венгрияға қарсы ойнайды.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі

Ирландия – Португалия – 2:0

Голдар: Перротт, 17, 45

Алаңнан қуылу: Роналду, 61 (дөрекі ойын)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie