Дұрыс шешім бе? Төреші «Реалдың» пайдасына белгіленген пенальтиді жойды
«Ман Сити» қақпасына 11 метрлік емес, айып соққысы белгіленді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтің «Реалы» УЕФА Чемпиондар лигасының 6-турындағы ойында «Бернабеу» стадионында «Манчестер Ситиді» қабылдап жатыр, ал төрешілер алғашқы минуттардан-ақ даулы сәтке тап болды.
Үшінші минутта «Манчестер Сити» қорғаушысы Винисиусты құлатты, төреші бірден нүктеге нұсқап, алаң иелерінің пайдасына пенальти белгіледі. Алайда, VAR қарағаннан кейін бұл шешім өзгертілді.
Төреші ереже бұзушылық айып алаңынан тыс жерде болды деп шешіп, пенальти орнына айып соққысын белгіледі.
«Реал» қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр, ал Хаби Алонсоның тағдыры қыл үстінде деген қауесет тарады. Ойын алдында Пеп Гвардиоладан бұрынғы әріптесі туралы пікір сұралғанда, ол таңғаларлық мәлімдеме жасады.