locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Драмалық бастама: «Бока Хуниорс» бен «Бенфика» Клубтық әлем чемпионатының алғашқы турында голға бай матч өткізді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Драмалық бастама: «Бока Хуниорс» бен «Бенфика» Клубтық әлем чемпионатының алғашқы турында голға бай матч өткізді
ФОТО: slbenfica инстаграм парақшасынан

Аргентиналық «Бока Хуниорс» пен португалиялық «Бенфика» 2025 жылғы футболдан клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінің алғашқы турында тартысты әрі нәтижелі ойын көрсетті.

Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Оңтүстік америкалық ұжым бірінші таймда ойынды өз бақылауына алды: 21-минутта Мигель Мерентиель есеп ашты, ал 27-минутта Родриго Батталья есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда үзіліске дейін «қызыл-ақтар» есеп айырмасын қысқартты – Анхель Ди Мария 45+3 минутта пенальтиден дәл соққы жасады. Ал екінші таймда Николас Отаменди 84-минутта гол соғып, «Бенфикаға» тең есеп әперді.

D тобындағы екінші матчта бразилиялық «Фламенго» тунистік «Эсперансті» 2:0 есебімен сенімді жеңді. Голдарды Джорджиан де Арраскаэта (17-минут) және Луис Араужо (70-минут) соқты.

Клубтық әлем чемпионаты. 1-тур

«Бока Хуниорс» – «Бенфика» – 2:2

Голдар: Мерентиель, 21 (1:0); Батталья, 27 (2:0); Ди Мария, 45+3 (2:1, пенальти); Отаменди, 84 (2:2).

«Фламенго» – «Эсперанс» – 2:0

Голдар: де Арраскаэта, 17 (1:0); Луис Араужо, 70 (2:0).

С тобының алғашқы турында үш ұпай жинаған «Бавария» көш бастап тұр. «Бока Хуниорс» пен «Бенфика» екінші орынды бөліссе, «Окленд Сити» соңғы орында.

D тобында «Челси» мен «Фламенго» үш ұпайдан еншілеп, көш бастап келеді. «Эсперанс» пен «Лос-Анджелес» әзірге ұпайсыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie