Дмитрий Бивол «Зенит» финалға шыққаннан кейін Нұрәлі Әліпке қолғап сыйлаймын деп уәде берді
16 сәуір күні Санкт-Петербургте Ресей Кубогы 2024/25 маусымының РПЛ жолындағы жартылай финалының қарымта ойыны өтті. «Зенит» өз алаңында «Ростовпен» кездесіп, финалға жолдама алды. Кездесуге Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те қатысты. Ойыншы алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут толық өнер көрсетті..
Бұл - Әліптің «Зенит» сапындағы биылғы маусымдағы 23-матчы. Бұған дейін ол бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Қорғаныста сенімді ойынымен көзге түскен Нұрәлі команда үшін маңызды ойыншыға айналды.
Ойыннан кейін клубтың киім ауыстыру бөлмесіне атақты кәсіпқой боксшы, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол кіріп, «Зенит» ойыншыларын финалмен құттықтады. Сонымен қатар, ол Нұралы Әліпке алдағы уақытта өз қолғабын сыйлайтынын айтты.