locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Динара Сатжан Асхат Тағыбергеннің ұлттық құрамадан кетуіне пікір білдірді

Журналист ойыншыға қайсарлығы, абыройы мен адалдығы үшін алғыс айтты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Динара Сатжан Асхат Тағыбергеннің ұлттық құрамадан кетуіне пікір білдірді
ФОТО: Ulyssport

Белгілі журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан Асхат Тағыбергеннің Қазақстан құрамасынан кетуіне қатысты пікір білдірді.

«Асхат Тағыберген – капитан ретінде нағыз ер азаматша кетті! Не айтылса да, ол біздің құрама үшін тек аяғымен емес, жүрегімен де күресті. Жігіттер үшін туған ағадай – үлкен, мықты, сабырлы тұлға болды», – деп жазды Сатжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистің айтуынша, Асхатқа түрлі қысым жасалып, қаржылық тұрғыдан да ренжітуге тырысқандар болған. Соған қарамастан, ол үнсіз, абыроймен қоштасып, ешқандай өтемақы талап етпеді. Сонымен қатар, Динара Асхаттың отбасын жақсы білетінін айтып, оның командаға да, әдебінен жаңылғандарға да ренішсіз кеткеніне сенімді екенін жеткізді.

Еске салайық, Тағыберген бұған дейін бірнеше рет Қазақстан құрамасын капитан ретінде алаңға бастап шыққан болатын.

Футболшы кеше ұлттық құрамадағы соңғы матчын өткізіп, халықаралық мансабын аяқтады. Ол ел футболының тарихында жарқын із қалдырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie