«Динамоға» кез келген адам алынбайды»: клубтың бұрынғы ойыншысы Зайнутдинов жайлы
Мәскеулік «Динамоның» бұрынғы футболшысы Алан Гатагов Legalbet.kz сайтына берген пікірінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің клубқа ауысуын оң бағалады. Оның сөзінше, Бактиер алаңға шыға салып-ақ ойынға серпін берді.
«Бактиер «Динамоны» күшейтті. Ол алаңға ауысып шықты, үшке екі шабуылдады — шабуыл жасауға мүмкіндігі болды, өткір ойнайды. Ол ештеңеден қорықпайды, әрдайым алға ұмтылады. Жақсы футболшы. Міндетті түрде көмектеседі. Ол басқа чемпионаттан келді — бұл да белгілі бір мотивация береді. Қазір жалпы сондай тренд: «Спартакқа» да Түркиядан футболшы келді. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Ол әлі өзін толығырақ көрсетеді. Оның үстіне, «Динамода» жақсы құрам бар және бәсеке жоғары.
Сондықтан жай адамдарды ол жаққа алмайды. Карпиннің командасында жай жүріп, нөмір толтыру мүмкін емес. Бұл – анық. Айтарым: Бақтиёр өзін көрсетеді», — деді Гатагов.
Айта кетейік, Бактиер Зайнутдиновтің «Динамомен» келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Клуб оның трансферін 28 шілдеде ресми түрде жариялады.