«Динамо» Зайнутдиновсыз тағы да жеңіліске ұшырады
Ресей премьер-лигасының 7-турында мәскеулік «Динамо», құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын, Махачқаланың «Динамо» командасына жол берді.
Екі «Динамо» дербиінде дағыстандық ұжым мықтырақ болды. Ойынның жалғыз голы 74-минутта соғылды. Авторы – Джавад.
Зайнутдинов бұл кездесуді жарақатына байланысты өткізіп алды. Сондай-ақ, ол қыркүйекте Қазақстан құрамасының матчтарына қатыса алмайды.
Қазақстандық футболшы биылғы жазда мәскеулік «Динамоға» ауысып, жаңа маусымда 4 матчқа (шамамен 130 минут) қатысты. Әзірге гол немесе нәтижелі пасымен көзге түскен жоқ.
Валерий Карпин баптайтын «Динамо» Мәскеу Махачқаланың «Динамо-Махачкала» командасынан жеңілген соң турнир кестесінде 8 ұпаймен 9-орынға жайғасты.
Ресей премьер-лигасы. 7-тур.
«Динамо» Махачқала – «Динамо» Мәскеу 1:0 (0:0).
Гол: Джавад, 74 (1:0).