Әділет Сәдібеков: “Команда үшін 2024 маусымы жақсы болды деп бағалаймын”
“Қайрат” хавбегі – 2024 маусымының қорытындысы туралы
Футбол
Александр Шарадкин
KazFootball.kz. Адилет Садыбеков
Алматы "Қайратының" жартылай қорғаушысы Әділет Сәдібеков 2024 жылды өз командасы үшін қорытындылады.
"Мен үшін және "Қайрат" үшін 2024 қызықты да, қиын да сәттерге толы болды десем, қателеспеймін. Осы көптеген сәттерге қарамастан, соңында біз чемпион болу арқылы бәрін дәлелдедік. Осыған байланысты осы маусымды команда үшін жақсы деп бағалаймын", - деді Сәдібеков KazFootball.kz сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы "Қайрат" өз тарихында төртінші рет Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.