Әділет САДЫБЕКОВ: \"Менің мақсатым – ТОП-5 чемпионаттарының бірінде ойнау. Бұл мақсатыма жетемін деп сенемін\"
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қайрат ФК
Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында Еуропада ойнауды армандайтынын айтты.
“Әр қазақстандық футболшы Еуропаға ауысуды армандайды деп ойлаймын. Ол үшін көп еңбек ету қажет. Қазақстандық футболшы үшін Еуропаға еңбек пен табандылық арқылы ауысу – үлкен жетістік. Менің мақсатым – ТОП-5 чемпионаттарының бірінде ойнау. Бұл мақсатыма жетемін деп сенемін”, – деді Әділет клубтың YouTube-арнасына берген сұқбатында.
2024 жылғы маусымда Әділет Садыбеков “Қайрат” сапында 18 матч өткізіп, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.