locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дидье Дешам ӘЧ-2026 жеребесі туралы өз ойын білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Дидье Дешам ӘЧ-2026 жеребесі туралы өз ойын білдірді
ФОТО: REUTERS

Футболдан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе нәтижелеріне, оның қорытындысы бойынша оның командасы әлі топты нақты анықтай алмағанына қатысты пікір білдірді.

“Бізде әр түрлі стильдегі жеті мүмкін қарсылас бар. Бізде кішігірім ақпарат бар, бірақ әлі бәрін білмейміз. Көптеген адамдарға бұл жеребенің мәнін түсіну қиынға соғады. Бұрынғымен салыстырғанда қазір айқындық аз. Бірақ ең бастысы бейімделу керек”, - деді француз маманы.

Франция құрамасы Ұлттар лигасының ширек финалында Хорватияны жеңсе, Әзірбайжан, Украина және Исландиямен бірге D тобына түсуі мүмкін. Ал матчта жеңіліп қалса, олар L тобына түсіп, Чехия, Черногория, Фарер аралдары және Гибралтар құрамаларымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie