locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Диас УЕФА-дан ПСЖ-мен болған матчтағы қызыл қағаз үшін үкім естіді

Ойыншы элиталық футболсыз біраз уақыт өткізуге мәжбүр болады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Диас УЕФА-дан ПСЖ-мен болған матчтағы қызыл қағаз үшін үкім естіді
ФОТО: Getty Images

ПСЖ-ға қарсы өткен ойында «Бавария» шабуылшысы Луис Диас Ашраф Хакимиге жасаған өрескел фол үшін қызыл қағаз алып, алаңнан мерзімінен бұрын кетті — бұл сәт туралы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз. УЕФА-ның тәртіптік органдары колумбиялық ойыншыға қатысты шеттету мерзімін анықтады.

Шешімге сәйкес, Диас Чемпиондар лигасындағы «Баварияның» үш бірдей матчына қатыса алмайды. Бұл Венсан Компани командасы сырт алаңда «Арсеналға», сондай-ақ өз алаңында «Спортингке» және «Унионға» қарсы ойындарда колумбиялық шабуылшысыз қалатынын білдіреді.

Дегенмен, Диас негізгі кезеңде алаңға оралады, себебі оның дисквалификациясы Эйндховенде өтетін ПСВ-мен матч алдында аяқталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie